ОҚО-да кәсіпкердің баласын ұрлағандар ұсталды - ІІМ

Оның сөзіне қарағанда, қарашаның соңында Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының полиция бөліміне Жетісай қаласының кәсіпкері 13 жасар ұлын белгісіз адамдардың ұрлап кеткені жайында арызданған. «Атап айтқанда, олар кәсіпкердің баласын қайтару үшін 50 мың АҚШ долларын талап еткен. Жүргізілген арнайы операция барысында криминалдық полиция қызметкерлері 17-21 жас аралығындағы 4 жергілікті тұрғынды құрықтады», - деді Қ. Жұманов.
Сонымен қатар аталған азаматтар баланы ұрлу үшін қарашаның орта кезінде автокөлікті иемдену мақсатында Шымкенттің 28 жастағы тұрғынын өлтіру фактісіне күдікті болып отыр. Полиция қызметкерлері автокөлік иесінің мәйітін Сайрам ауданындағы Ақжар ауылының маңынан тапқан көрінеді. «Ұсталғандардан 3 шолақ мылтық, газды тапанша, 4 миллион теңге тәркіленді»,-деді ол.
Қылмыскерлер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.