ОҚО-да қатты жел мектеп ғимаратының шатырын жұлып әкетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында қатты жел мектеп ғимаратының 100 шаршы метр аумағының шатырын жұлып әкетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
None
None

ТЖ кеше кешке Ордабасы ауданының Б.Исаханов елді мекенінде К.Омаров атындағы орта мектепте болды. ТЖМ мәліметтері бойынша, жел екпіні 20 м/с-қа жетті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар