ОҚО-да қолғап шығару зауыты іске қосылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында мақта қолғабын шығаратын өндіріс орны жұмысын бастады, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

«Оңтүстік» индустриалды аймағының аумағында орналасқан зауыт Индустриалды инновациялық даму бағдарламасының «Индустриаландыру» картасы аясында іске қосылып, жоба мемлекеттік басым бағыттардың талабына сәйкес келгендіктен оған заттай грант ретінде жер телімі тегін берілді.
Жұмысын жаңадан бастаған «KAZ Hansol Intercom» ЖШС-ның жалпы құны 488 млн. теңгені құрайды.
50 адамды жұмыспен қамтитын өндіріс орны жылына 13 мың жұп данадан астам мақта қолғабын шығарып, өнімді ішкі нарық пен ТМД мемлекеттеріне шығаруды жоспарлап отыр.
Жалпы, бүгін тұсауын кескен қолғап зауыты «Оңтүстік» индустриалды аймағында осы жылы ашылып, жұмысын бастаған бірінші жоба.
Жыл соңына дейін облыстағы барлық индустриалды аймақтардан тағы 18 жобаны ашу көзделуде. Кәсіпорындар негізінен, құрылыс заттары, тез дайындалатын тағам өндірісі, жиһаз жасау, медициналық құрылғылар өндірісімен айналысатын болады.

Соңғы жаңалықтар