ОҚО-да көпбалалы аналар сый-сияпат алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Тұрсынкүл Құрманбаева өңірдегі алтын құрсақты аналарға құрмет көрсетті. Жалпы, Оңтүстік Қазақстан облысында 152358 көпбалалы ана бар екен.
None
None

Оның 30046-сы Алтын алқа иегері болса, 38824-і Күміс алқа таққан. Ал бұл күні 63 мыңға жуық анаға сый-құрмет көрсетілді. Қазақстан халқы Ассамблея­сының оңтүстіктегі өкілдігі қазақ жерінде ұрпақ өрбітіп, елдің ауызбіршілігіне ұйытқы болып, татулығы мен бірлігін жарасты­рып отырған өзге ұлт өкілдерінің ақ жаулықты аналарына сый-сияпат ұсынды. 7 ұл-қыздан 25 немере сүйіп отырған Мадинат Омарова мұндай құрметке риясыз алғысын білдіріп, қазақ халқының кеңпейіл, дарқан мінезін ерекше атап өтті. «Қиын-қыстау кезде өз жерінен орын беріп, құшағын айқара ашқан қа­зақстандықтарға риза­шы­лығым мол», - деді Алтын алқа иегері.

Ал Парахат Ходжиметова 21 немерені бағып қана қоймай, жеке кәсіпкерлікпен де айна­лысады. Ол құттықтаушыларға алғысын білдіріп, елдің тыныш­тығы мен татулығына сызат түспеуін тілеп, ақ батасын берді, деп жазады "Айқын" газеті.

Соңғы жаңалықтар