10:43, 21 Шілде 2015 | GMT +5
ОҚО-да қымыз, шұбаттан жасалған балмұздақ патенттеледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қымыз және шұбат негізінде жасалған балмұздақ патенттелмек, деп хабарлады ОҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметінен.
Ұлттық зияткерлік меншік институты Шымкент қаласындағы филиалының директоры елге танымал «Ладушки» тауар белгісінің құқық иегері, жеке кәсіпкер С.Г. Лугинамен кездесу өткізді. Кездесу барысында зияткерлік меншік объектілерінің түрлері және олардың тіркелуі туралы сөз қозғалды. Нәтижесінде С.Г.Лугина өзі ойлап тапқан «Қымыз және Шұбат негізіндегі балмұздақ өндірісі» атты өнертабысына патент алуға өтінім толтырып, тапсырды. Қымыз және шұбат негізінде жасалған балмұздақ қазіргі таңда қаламызда сатылымға шығып, халық арасында сұранысқа ие.