ОҚО-да Қырғызстанның бұрынғы бас мүфтиі ұсталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Қырғызстанның экс-бас мүфтиі уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.
None
None

Облыстық соттың баспасөз қызметінің ақпаратынша, мүфти Қырғызстанда салық төлемегені үшін ұсталды.

Рахматулла Эгембердиев көрші ел полицейлерінің өтініші бойынша уақытша ұсталды. Күдікті саяси себептерге байланысты елден кеткенін және Қазақстаннан пана сұрауға ниетті екенін айтты. Өткен жылы Рахматулла Эгембердиев өз қызметінен, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасынан кетті.

Соңғы жаңалықтар