ОҚО-да «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы» 11 307 жобаны қаржыландырды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстанда «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы мен еншілес «Ырыс» шағын несие ұйымы арқылы алты жылда ауыл шаруашылығы саласында жалпы сомасы 31,6 млрд. теңге болатын 11 307 жоба қаржыландырылды.
None
None

Бұл жайында бүгін «Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен брифингте «Ырыс» шағын несие ұйымы» ЖШС директоры Е.Қансейітов мәлім етті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Соның ішінде биылғы жылдың 6 айында 4,1 млрд. теңге құрайтын 1239 жоба қаржыландырылған. Екі ұйымның несие қоржыны 16,2 млрд. теңгеге жетті. 2011 жылмен салыстырғанда 2 есеге өсті. Сондай-ақ, осы алты жыл 6 ай ішінде 31 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 15 мың тұрақты жұмыс орындары болса, 16 мыңнан астамы уақытша жұмыс орындары. Аталған жобалардың 90 пайызы ауылдық жерлерде жүзеге асуда. 2012 жылдан бері жүйелі түрде «Жұмыспен қамту 2020», моноқалалар бағдарламасы арқылы жалпы сомасы 5 млрд. теңге қаражат тартылды. Соның ішінде, 2015 жылдың 6 айында «Ырыс» МҚҰ-на ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан 700 млн. теңге көлемінде несие тартылды. Оның 200 млн. теңгесі ауылдық бизнесті дамытуға, 500 млн. теңгесі мақта өндірушілерге берілді. "2014-2016 жылдары мал шаруашылығын дамыту іс-шарасы аясында 4,0 млрд. теңгені құрайтын 1333 шағын бордақылау алаңдары мен шағын сүт-тауарлы фермаларын ашу жоспарлануда. Ағымдағы жылдың 6 айында 1450,9 млн. теңге көлемінде 626 шағын бордақылау алаңдары мен 108,8 млн. теңгеге 48 шағын сүт-тауарлы фермалары қаржыландырылды", ‒ деді Е.Қансейітов.

Соңғы жаңалықтар