14:18, 09 Қараша 2011 | GMT +5
ОҚО-да мектеп директорын тонағандарды қамауға алу шаралары қабылданып жатыр
АСТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - ОҚО полициясы Мойынтас ауылындағы мектептің бірінің директорының үйіне қарақшылық шабуыл жасау бойынша қылмыстың бетін ашты.
Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.
Аталмыш қылмыс бойынша Шымкенттің 26 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті сыбайластарымен бірге келісіп, жәбірленушінің әл-ауқатты екенін біліп алған. «Қылмыскерлер үйге кіріп, отбасын ұрып-соғып, байлап тастап, сейфтен алтын бұйымдар мен 9 млн. теңге қаржы ұрлап кеткен»,-деді ресми өкіл. Содан кейін «Мерседес» автомашинасымен іздерін суытқан. Алайда олардың көлігі Ордабасы ауылының аумағында аударылған көрінеді. Қазіргі кезде полиция қызметкерлері қылмысқа қатысушыларды іздестіріп, қамауға алу бойынша шараларды қабылдауда.