ОҚО-да мектеп оқушысы 3 жастағы қызды ажалдан құтқарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Қосағаш ауылында Мұхаммедәлі Құрақ есімді 4-сыныптың оқушысы 3 жастағы қызды ажалдан құтқарып алды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

Жұртшылыққа батыр баланың ерлігі туралы хабарды Алтынтөбе ауылының тұрғыны Сейдалы Дүйсебайұлы жеткізді. Ол facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында оқиғаның қатты нөсерден кейін  болғанын айтты.

«Түнімен төккен жауын ауыл ішін селдете өте шыққан. Сол тасқында Қосағаш ауылында 3 жасар қызды су ағызып біраз жерге барғанда мына бір қаршадай бала құтқарып алыпты. Құтқарып алғасын ессіз жатқан кішкентай бүлдіршіннің көкірегін басып, жұтқан лай суын құсқызыпты. Лай сумен бірге шөп-шалам, ағаш бұталары түсті дейді көргендер. Ауыл тұрғындары қаршадай баланың ерлігін аңыз қып айтып жүр.
Баланың аты - Мұхамедәлі. 4-сыныпта оқиды», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар
telegram