ОҚО-да мектепке дейінгі 49 мекеме ашылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында биыл мектепке дейінгі 49 мекеме ашылды, деп хабарлады облыстық білім беру басқармасынан.
None
None

Биыл балабақшаға балаларды орналастыруды 80 пайызға дейін қамту жоспарлануда. Бұл ретте, топтарда балалар саны 25-тен аспайтын болады. Міндет оңай емес, алайда бәрін де орындауға болады деді басқармадан. ОҚО-да қазір 1465 балабақша мен шағын орталықтар бар, олардың 807-сі мемлекеттік. «Балабақша салуға жеке кәсіпкерлердің атсалысуы қатты қуантады. Бұл мектепке көбірек бала тәрбиелеуге, оларды тәртіпке, қарым-қатынасқа үйретуге мүмкіндік береді. Бизнесмендер облыстың 14 ауданында балабақшалар мен шағын орталықтар ашты. Жыл ішінде 12 мың орындық балабақша салу жоспарлануда», - деді облыстық білім беру басқармасынан.

Мемлекеттік бағдарлама бойынша жұмыс істейтін жекеменшік балабақшаларда балаға төлем бөлігін мемлекет қамтамасыз етеді. Ауылда бір орын ата-аналарына айына 3-5 мыңнан келеді. Ең қымбат орын Шымкент қаласында. Мұнда қазаннан бастап балабақша құны 8500 теңгеге көтерілді. «Соңғы рет балабақша құны үш жыл бұрын көтерілген. Қазір азық-түлік өнімдерінің бағасы да өсті. Мекемедегі тағам белгілі бір нормаларға сәйкес келуі тиіс. Балалар ет, балық, жеміс, көкніс, жармалар жеуі қажет. Сол үшін де бағаны өсіруге мәжбүр болдық», - деді білім беру бөлімі басшысының орынбасары Эльмира Тілеукеева.

Облыста жаңа балабақша ашу қарқынды жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн. Өңірде бір айда 5 балабақша тапсырылды. Түркістанда, Бәйдібек ауданында екі балабақшадан, Шымкенте бір балабақша ашылды.

Соңғы жаңалықтар