18:24, 29 Мамыр 2013 | GMT +5
ОҚО-да мемлекеттік мұрағат директоры тұтқындалды
ШЫМКЕНТ. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстанның арнайы прокурорлары ОҚО бойынша мемлекеттік мұрағат директорына қатысты қылмыстық іс қозғады. Шенеунікті жер теліміне қатысты құжаттарды қолдан жасағаны үшін айыптауда.

Тергеу нұсқасы бойынша, ОҚО тұрғыны жер теліміне қатысты құжаттарды қолдан жасаған. Мысалы, Тассай ауылдық округінде шенеунік сегіз жер телімін беру туралы шешімді заңсыз ресімдеген.
Прокуратура мәліметтері бойынша мемлекеттік мұрағат директоры өз қол астындағы қызметкерлерді де айла-шарғыға қатысуға мәжбүрлеген. Нәтижесінде олар мемлекетке бес миллион теңгеден астам сомаға зиян келтірген. Облыс прокурорының көмекшісі Бақытбек Нарғозиевтің мәліметтері бойынша, қазір мұрағаттар директоры ҚР ҚК 132-бабына сәйкес тұтқынға алынды. Оған қатысты ҚР ҚК 307-бабы 4-бөлімі, 314-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде.