ОҚО-да «Мизам» ұлттық мерекесі тойланды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында «Мизам» ұлттық мерекесі тойланды. Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы мен Сайрам аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шарада  көне дәстүрге сай қысқа дайындық барысы көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қазақтың өмір салтында бар «Мизам» ұлттық мерекесі халық арасында ұмыт болып барады. Сондықтан ұйымдастырушылар мал семіріп, егін орылып, шөп шабылып, елдің берекеге кеңелетін кезінде атап өтілетін бұл шараны кеңінен насихаттауды мақсат тұтты. Ұмытыла бастаған осы дәстүрдің көне дәстүрге сай нұсқасын телеарна мен өзге де БАҚ арқылы ел арасына таратуді көздеді.
null 
null 

Фестивальдін ашылуында сөз алған Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының директоры Жәнібек Тағаев игі шараның маңызы ерекше екендігіне тоқталып, алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын жеткізді. Фестивальде Сайрам ауданы тұрғындарының көне дәстүрге сай қысқа дайындық барысы көрсетілді. Күзеу мен қарынға май сақтау, ет сүрлеу көпшілік алдында жасалды. Сондай-ақ, диқандар мен бағбандардың жинаған өнімдері жиналған жұртшылықтың назарына ұсынылды.
null 

null 

null 

Бұдан бөлек, «Мизам» мерекесіне тұспа-тұс келген «Сірге жияр» (Сірге мөлдіретер) дәстүрінен көрініс көрсетілді. Іс-шара соңында орталық директоры Жәнібек Тағаев аталған шараға жоғары баға беріп, ұйымдастыруға үлесін қосқан өнерпаздар мен ұжымдарға арнайы алғыс хат пен сый-сияпаттар жасады. 
null 
null 

Соңғы жаңалықтар
Референдум