ОҚО-да Наурыз мерекесіне орай келіндер байқауы өтті

Байқауға қатысушылар 5 кезең бойынша сайысқа түсті. «Сымбат-көркі сынымен!» - өзін-өзі таныстыру, «Сәбиімді әлдилеймін әндете» -бесік жырын орындау, «Ана көрген тон пішер»- қолөнер, «Салт-дәстүр асыл қазынам» - сұрақ-жауап, «Өнерлі өрге жүзер»- өз өнері, «Даналар мұрағаты» - мақал-мәтел жарысы тақырыбында сайысқан келіндер біліктілігі мен өнерін паш етті. Мерекелік байқау «Ақ босаға» әнімен ашылып, «Шашу» және «Көркем» әжелер тобы мүшелерінің ақ батасымен бастау алды. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені ОҚМУ-дың 3 курс студенті Әсем Нұралиева алса, бірінші орынды Б.Момышұлы атындағы №44 жалпы орта мектеп оқытушысы Жанар Оралбаева, ал екінші орынды банк қызметкері Динара Наханова иеленсе, үшінді орынды Жұлдыз Қалмұрзаева жеңіп алды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.