08:19, 23 Маусым 2010 | GMT +5
ОҚО-да өзен өткелінен өтіп бара жатқан атты үш адам суға кеткен - ТЖМ
АСТАНА. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында Төле би ауданындағы Мыңшейіт елді мекенінде орналасқан Қасқасу өзенінен атпен өтіп бара жатқан үш адам суға батып кетті, оның ішінде екі жасар бала бар,

деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға сейсенбі күні таңертең, маусымның 22-сі күні орын алған.
Адамдардың денесін іздеуге ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі су құтқару қызметінің 7 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылған.