19:51, 21 Маусым 2016 | GMT +5
ОҚО-да полиция инспекторының қателігінен үш адам қаза тапты
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданында полиция инспекторының ағаттығынан үш адам қаза тапты.

«Шардара - Абай күре жолында екі көлік соқтығысты. Полицей басқарып келе жатқан «Тойота-камри» көлігі жолдың қарсы бетіне шығып кеткендіктен оған өз жолымен келе жатқан «Дэу-нексия» көлігі соғылған. Оқиға орнында «Дэу-нексиа» көлігінің үш жолаушысы қаза тапты», делінеген ОҚО ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Айта кетейік, «Тойоты-камри» көлігінің жүргізушісі Шардара аудандық полиция бөлімінің 42 жастағы учаскелік инспекторы аудандық ауруханаға түрлі жарақаттарымен жеткізілді.