17:01, 17 Қараша 2011 | GMT +5
ОҚО-да салық түсімі өткен жылғы көрсеткіштерден 1,5 есе артық
КЕНТ. 17 қараша. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - 2011 жылдың қаңтар - қазан айларында Оңтүстік Қазақстан облысында салықтың және басқа да төлемдердің мемлекеттік бюджетке түсімі 168 987,2 млн. теңгені, немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 145,5%-ды құрады,
деп хабарлады ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Олардың ішінде кірістердің жалпы сомасынан 73,5% республикалық бюджетке түсті, бұл 124 229,4 млн. теңгені құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 160,8% болып табылады», деп түсіндірді ведомстводан.
Жергілікті бюджетке 44757,8 млн. теңге немесе өткен жылмен салыстырғанда 115,1% кіріс түсті.