ОҚО-да шөп тиелген 10 жүк көлігін өртеп жіберген

АСТАНА. ҚазАқпарат - ОҚО полицейлері шөп тиелген 10 көліктің өртенуіне күдікті азаматты ұстады.
None
None

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша,  биылғы жылдың 5 шілдесі күні шамамен сағат 06:56-да Сайрам аудандық ІІБ «102» қызметіне Манкент кентіндегі көшелердің бірінде өрт шыққандығы  жайлы хабарлама түскен.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері Манкент ауылындағы О.Құрбаналиев көшесінде жергілікті тұрғындардың шөп тиелген 10 жүк көлігінің отқа оранғандығын көрді.
null

Аталған оқиға Сайрам аудандық ІІБ-ының сотқа дейінгі тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, ҚР ҚК 202 бап 2 тармағында қарастырылған «Біреудің мүлкін қасақана жою» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Келтірлген шығын шамамен 9 миллион теңгені құрайды.

Жедел іздестіру шаралары барысында Сайрам аудандық ІІБ қызметкерлері 1990 жылғы жергілікті тұрғынды ұстады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Сотқа дейінгі тексеру жүргізіліп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар