ОҚО-да соғыс ардагері 53 шөбере және 4 шөпшек сүйіп отыр

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында соғыс ардагері Исматулла Бекжанов Жеңіс мерекесі қарсаңында 100 жасқа толды. Сайрам ауданында тұратын қария жұбайы Тұрсынай әже екеуі 8 ұл сүйген. Бүгінде олардан 24 немере 53 шөбере және 4 шөпшек сүйіп отыр. Осылайша ұрпақтары бейбіт күннің аспанында бақытты өмір кешіп жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
None
None

null

Ол Жеңіс мерекесін жыл сайын аудан орталығындағы алаңда қарсы алатын. Бұл күнде жүріп-тұруы ауырлағандықтан, биыл өз үйінде атап өтпекші. Қария сұм соғыстың қиын күндерін ешқашан естен шығарған емес. Майданға 22 жасында өзі сұранып барып, сапер болған. Чехославакия, Румыния, Украйна сынды Еуропа елдерін жаудан азат етуге қатысқан. Соғыста Днепр өзенінен өткен кезі өте қиын болғанын айтады. Сол жерде талай майдандас достарынан айырылыпты. Осылайша еуропа елдерін жаудан азат етіп, 7 жылдан кейін аман есен елге оралған.

null

«Днепр өзені терең болды. Ағысы да қатты. Біздің жауынгерлер өзеннің арғы бетіне өтіп жатқан тұста, жау тұтқиылдан тап берді. Аяқ астынан ұрыс болып, біз көптеген қаруластарымыздан айырылып қалдық. Кейінен, соғыс 5 мамыр күні тоқтағынын білдік. Сол кезде жеңіске жеткенімізді естідік. Бұл біз үшін шаттық қуаныш болатын»,- дейді ардагер.

null

Бұл күнде қарияның кеудесінде 2-ші дәрежелі «Отан соғысы» ордені, «Ерлігі үшін» және «Германияны жеңгені үшін» медалі жарқырап тұр. Бұл оның ерлікпен қол жеткізген жеңісі. 1946 жылы елге келген соң бірден жұмысқа орналасқан. Зейнетке шыққанға дейін мал дәрігері болып жұмыс істеген. Еселі еңбек бақытқа жетелейтіні бар. Ардагердің ақ адал жұмысын ескерген Елбасы алғыс хат табыс етіпті. Бүгінде Сайрам ауданында жасы 100-ге жеткен соғыс ардагері осы Исматулла қария ғана екен.

null

«Қазір біздің ауданда менің құрдастарым қалмады,  жоқ деп айтсам да болады. Барлығы ерте қайтыс болып кетті. Осы жасқа жеткеніме аллаға шүкіршілік етемін. Менің жалғыз арманым бар. Ол- әлемде тыныштық болса екен деймін. Біз көрген соғысты енді ешкім көрмесе деймін»,- дейді жүз жасаған қария.

null

Айта кетейік, Сайрам ауданынан майдан даласына 21 мың адам аттанған екен. Соғыстан аман-есен оралғандарының  бүгінде 19-ы ғана тірі. Солардың қатарын толықтырып жүрген  Исматулла ақсақал жастарды еңбекті сүйіп, бейбіт заманның қадірін білуге үндеуде.

nullnull

Соңғы жаңалықтар