ОҚО-да Street Workout кең насихатталуда

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында жасөспірімдер Street Workaut-тан сайысқа түсті. «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шара Төлеби ауданындағы «Тау самалы» оқу-сауықтыру лагерінде өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
None
None

Аталған шара Street Workоut спорт түрін оқушылар арасында кеңінен насихаттап, басқа да жаман қылықтардан бойын аулақ ұстауға шақыру мақсатында ұйымдастырылды. 10 адамнан құралған ерікті сынып шеберлігін көрсетіп, жасөспірімдердің спортқа қызығушылығын арттырды. Сонымен қатар бір топ шымыр жігіттер мен қыздар Street Workout-тан сайысқа түсті. Ашық аспан астында айқасқан воркаутерлер Нұрхан Әбдуманап, Нұрсұлтан Құдайберген, Елнұр Төребай, Несібелі Пернебай, Нұрзада Жанжігіт, Назерке Биболат ерекшелік танытты.

null

Сондай-ақ жасөспірімдер өз күштерін сынап, аспалы турниктерде жаттығу жасап жарысты. Осылайша бос уақыттарын тиімді өткізді. 

null

Айта кетейік, Street Workout жаңа спорттық қозғалыс. Пайда болғанына көп уақыт өтпесе де, бүгінде спорттың бұл түрі елімізде қарқынды дамуда. Оның кең таралуына жаттығудың қолжетімділігі оң әсерін тигізіп отыр.

null

Соңғы жаңалықтар