17:05, 27 Тамыз 2015 | GMT +5
ОҚО-да су арнасына 10 жасар қыз бала батып кетті
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ОҚО ТЖД құтқару жасағының ресми өкілі Павел Вишениннің айтуынша, 10 жасар қыз бала бүгін Сарыағаш ауданындағы Ақжар елді мекенінің арнасында суға батып кеткен. Құтқарушылар оның денесін 20 минуттың ішінде тауып алды.

Осы арада, Сырдария өзенінде суға батып кеткен жігіттің денесі табылды. Оны үш тәулік бойы іздеген еді. Шымкенттің 1992 жылғы тұрғынының Сырдарияға суға батып кеткені туралы хабарлама құтқарушыларға 23 тамыз күні сағат 15:10-да келіп түскен. Оқиға орнына алты адамнан құрылған іздеу-құтқару тобы шыққан еді. Жас азаматтың үш досымен бірге өзенге демалуға келгені белгілі болған. Суға кеткен жас жігіттің денесін іздеу бір минут тоқтатылмаған. Ол қайғылы оқиға орнынан 50 шақырым жерде табылды.