ОҚО-да табиғат қорғаушы прокурорлар «ФудМастер-Шымкент» жеке компаниясының өкілдеріне айыппұл салды

Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы прокурорының көмекшісі Ердос Найманбаевтың айтуынша, экологиялық кодекстің талаптарын бұзғаны үшін айыппұл қатарынан 4 бап бойынша салынды: 242 бап - 25 АЕК, 244 бап бойынша - 55 АЕК және 30 АЕК 261 бап пен 323-бап (1 бөлім) бойынша.
Төле би ауданындағы Көксаяқ ауылының тұрғындарын сумен қамтамасыз ететін арықтағы суды кенеттен ақ қабықша баса бастағаннан кейін тексеру жүргізу басталды. Халық осы қалыптасқан жағдайды «ФудМастер-Шымкент» компаниясының зауытының Төле би ауданында орналасқан жергілікті өкілдігінен көреді. Тұрғындар зауыт өнім қалдықтарын сол арыққа тастайды деп жорамал айтты.
Прокурорлық тексеріс оның себебі апаттан болғанын анықтады, оның салдарын компанияда жойды
Сонымен бірге компания өкілдері сүт қалдықтары араласқан бір рет су шығарындысы болды деп мәлімдеді. Ал зауытта қауіпті заттар қолданылмайды.