ОҚО-да табысы төмен азаматтардың үлесі азайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар азаматтардың үлесі азайғанын атап өтті.
None
None

«Ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар азаматтардың үлесі айтарлықтай төмендеді. Ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен кірісі бар адамдардың саны 5 пайызды немесе 141 мың адамды құрайды. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмыспен қамтуға ерекше мән беріліп отыр. Өткен жылы 2545 адам жұмысқа орналасты»,-деді әкім.

Оның сөзіне қарағанда, «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының қолдау шараларымен 58 мың адам қамтылды, бұл өз кезегінде республикалық көрсеткіштің 16 пайызын құрап отыр.

Нәтижесінде, жұмыссыздық деңгейі 5 пайызға дейін төмендеді. Биыл 63 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар