ОҚО-да такси жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды

АСТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Оңтүстік Қазақстан облысында такси жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті қолға түсті.
None
None

Бұл туралы бүгін апталық брифингте ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Оның атап өтуінше, Оңтүстік Қазақстан облысының полициясына жолаушылар тасымалдаумен айналысып жүрген Жібек жолы ауылының 20 жастағы тұрғыны өзіне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы арызданған. Сол күні жәбірленуші өзінің «Деу-нексия» автомашинасымен Шымкенттен келе жатып, көлігіне бір жолаушыны отырғызғаны және жолаушының пышақпен қорқытып, жәбірленушінің ақшасын алмақшы болғаны анықталды. Дегемен қарсылық көрген қаскүнем көліктен сытылып шығып, ізін суытқан.

«Полиция қызметкерлері Шымкент қаласының 33 жастағы тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша оқшаулау орнына қамалды. Қарақшылық шабуыл фактісі бойынша алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар