ОҚО-да тазартылған медициналық инелер мен бір рет қолданылатын түтіктерді шығару зауыты ашылды

Ол Тассай ауылында үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасы бойынша салынды. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша біз несиенің бір бөлігінің қаражаттандырылуын өз мойнымызға алдық. Бұдан басқа, бүкіл инфрақұрылым - жарық, газ, кәріз жүйесі бұл бағдарлама бойынша мемлекет қаражатына салынды», - деді «ЭкоФармИнтернешнл» ЖШС-нің директоры Мүслим Таласов кәсіпорынның ашылу салтанатында.
Медициналық зерттеулер өткізу кезінде қолданылатын тазартылған инелер мен түтіктер бүгінде шетелден сатып алынуда. Зауыт республиканың бүкіл қажеттілігін және Кедендік одақ елдері нарығы қажеттілігінің бір бөлігін өтеуге дайын. Кәсіпорынның қуаттылығы - жылына 70 млн. түтік пен 15 млн. ине. Қажеттілік туындаса бұл көлемді екі есеге көбейтуге болады.
Жаңа кәсіпорын тек Қазақстанда ғана емес, ТМД елдері үшін бірегей болып табылады. Мұнда ең заманауи жабдықтар орнатылған, бүкіл технологиялық процесс толық тазалық жағдайында өтуде. Отандық медициналық техникасының бағасы сырттан әкелінетінге қарағанда екі есе арзан болады.