ОҚО-да түрмеге есірткі өткізбек болған оқытушы ұсталды - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкентте түрмеге есірткі алып кірмек болған мұғалім ұсталды. Қаладағы 167/3 түзеу мекемесіне колледж оқытушысы екі пакетке оралған затты есіктің ішіне тығып өтпек болған, деп хабарлайды 24.kz арнасы.
None
None

Тәркіленген жасыл түсті шөп сараптама қорытындысы бойынша 900 грамға жуық кептірілген марихуана екені анықталды. Алайда ұсталған азамат бұл өзіне жасалған қастандық деп есептейді. Оған сотталғандардың бірі кабинетінің есігін ауыстырып беруді уәде еткен. Жаңа есікті де танымайтын біреулердің әкеп тастағанын, ал оның ішіне аталмыш заттың жасырылғанын білмейтіндігін айтты. Қазір оның үстінен есірткі немесе психотропты заттарды заңсыз тасмалдау бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Біз бұл қылмысты шұғыл келіп түскен мәліметтің көмегімен аштық. Шара барысында 1952 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды. Оқытушы осы мекемеге заңсыз есірткі алып өтпек болған. Алайда біздің жедел қимылдау тобының қызметкерлері оны дер кезінде қолға түсірді», - деді ОҚО-ның Қылмыстық атқару жүйесі 167/3 түзеу мекемесі басшысының міндетін атқарушы Бекмұрат Есіркепов.

Соңғы жаңалықтар