ОҚО-да ҮИИД бағдарламасы бойынша 29 жоба іске қосылып, 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Жаңа кәсіпорындардың ашылуы және өндірістің кеңеюі есебінен өңірде 30 517 жұмыс орны ашылып, 1,9 есеге өсті. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Мәліметтерге қарағанда, облыс экономикасын дамытуға 315,1 млрд.теңге инвестиция тартылып, бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 9,2 пайызға артқан. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 29 жоба жүзеге асырылып, жаңадан 2216 жұмыс орны құрылды.
«Жобалардың арасында озық технологияны пайдаланып, заманауи талапқа сай, импорталмастыру өнімдерін шығаратын, республика бойынша тек ОҚО-да ашылған кәсіпорындардың қатарында: «Эко-Фар интернейшнл» ЖШС - медицинаға қажетті вакуумдық шыны түтік шығаратын зауыт, «Kagaz Shahary SEZ» ЖШС - қағаз және картон өндіру зауыты (импорт көлемі - 11,6 млн. АҚШ долл.), «Spirit Казахстан» ЖШС - сусындарға арналған ыдыстардың қақпақтарын шығаратын кәсіпорын, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ - трансформатор және соған қажетті жабдықтар шығаратын (импорт көлемі - 5 млн. АҚШ долл) кәсіпорындар бар. Облыста 2010 жылы құрылған «Оңтүстік» индустриялық аймағында» жалпы құны 37,5 млрд. теңгені құрайтын 42 жоба жүзеге асырылуда. 2012 жылы 10 жаңа жоба іске қосылып, 755 жаңа жұмыс орны ашылды», делінген баспасөз хабарламасында.