ОҚО-да Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігі жайында кітап жарық көрмек

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ОҚО-да Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерліктері жайында кітап шағарылмақ.
None
None

Басылым Жеңіс үшін шайқасқан батырлар мен тәулік бойы еңбек еткен тыл еңбеккерлері жайлы естеліктерден сыр шертеді.

Бірегей туындыда тылдағы еңбеккерлер жайлы ақпарат жинақталған. «Ұлы Отан соғысы жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының көптеген кәсіпорындарының жеңіске жету үшін төккен тері мен еткен еңбектері өлшеусіз. Онда мыңдаған адамдар тынбай жұмыс істеді. Станок жанында адамдар 24 сағат тік тұрып еңбек етті. Сұрапыл жылдардағы естеліктерді шынайы беру үшін сол кезеңге куә болған жандардан арнайы сұхбат алынды», - деді ОҚО Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Үрзада Айтөреева.

Кітапта шайқас алаңында ерлік көрсеткендер жайлы естеліктер топтастырылған. Мұнда әңгімелерден бөлек,алғаш рет жарық көріп отырған мұрағаттық суреттер де бар. Кітап 2015 жылғы ақпанда оқырмандарына жол тартпақ. ОҚО-да 474 ҰОС ардагері, 22 мыңдай тыл еңбеккерлері тұрады.

Соңғы жаңалықтар