ОҚО-да ұстаздарға 100 мың теңгенің планшеттері сыйға тартылды

ШЫМКЕНТ. 9 қазан. ҚазАқпарат - Шымкентте кәсіби мерекеге орай өткен салтанатты жиынға Оңтүстік Қазақстан облысының барлық ауылдарынан жүздеген оқытушы келді.
None
None

73 педагогқа «Құрмет» грамотасы және биыл сапалы жұмыс істеп, ерекше көзге түскен 19 педагогқа ОҚО Білім беру басқармасы шамамен 100 мың теңге тұратын электронды планшеттер тапсырды.

Сонымен қатар, облыстық білім беру басқармасында аймақтың үздік 10 мектебіне 14 млн 928 теңге бөлінгені айтылды. Олардың арасында Шымкент қаласының лицейлері мен гимназиялары және ауылдық мектептер бар. Оқу орындары ерекше гранттарды өз қалауы бойынша қолдана алады. Облыстық білім беру басқармасында Оңтүстік Қазақстан облысының оқытушылары «Үздік олимпиадалық мектеп» және «Үздік олимпиадалық команда 2013» аталымдары бойынша республикалық пәндер олимпиадасында екі жыл қатарынан көзге түскені атап айтылды.

Соңғы жаңалықтар