ОҚО-да үздік салық төлеушілер марапатталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерінен құрылған арнайы комиссия 2015 жылдың қорытындысы бойынша өңірдегі салық төлеушілері арасында үздіктерді анықтады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

Нәтижесінде, өңіріміздегі 9 жеке серіктестік үздік салық төлеуші ретінде 3 аталым бойынша дипломмен және естелік кәдесыйларымен марапатталды.

Атап айтсақ, «Үздік салық төлеуші - шаруа қожалығы» аталымына 3 салық төлеуші таңдалды. Олар - «Нұралыжол-Ж» шаруа қожалығы (Мақтарал ауданы), «Үміткер» шаруа қожалығы (Отырар ауданы) және «Ақ бастау» шаруа шаруашылықтары (Қазығұрт ауданы).

Ал «Үздік салық төлеуші - дара кәсіпкер» аталымы аясында жеке кәсіпкер Дәурентай Шакуов (Еңбекші ауданы), жеке кәсіпкер Әбдімәлік Рахманқұлов (Сайрам ауданы), жеке кәсіпкер Бақытжан Серманизов (Шардара ауданы) анықталды.

«Үздік салық төлеуші - заңды тұлға» аталымы бойынша жеңімпаз атанғандар: «Шардара су электр стансасы» АҚ (Шардара ауданы), «Бал Текстиль» ЖШС - «Оңтүстік» АЭА, Кентау қаласындағы «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-сы.
null

Соңғы жаңалықтар