ОҚО-да заңсыз қоян атқан браконьерлер ұсталды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында заңсыз аң аулап жүргендер ұсталды. Тексеру барысында браконьерлерден жиырма шақты қоянның еті табылды , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Созақ аудандық ІІБ қызметкерлері табиғат қорғау инспекторларымен бірге рейдтік шаралар жүргізген. Тексеру кезінде құқық қорғау органы өкілдері «Уаз» көлігін тоқтатады. Машинада жүргізушімен бірге үш жолаушы болған. Көлікті тексеру кезінде 17 қоянның еті мен 2 аңшы қаруы мен жарық түсіргіш құрал тәркіленді.
Қазіргі таңда осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Заңсыз аңшылық» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.