ОҚО-да Ж.Шанин атындағы қазақ драма театры жанынан мұражай ашылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ОҚО-дағы Жұмат Шанин атындағы қазақ драма театры жанынан мұражай ашылды.
None
None

Мұражай экспонаттары 1934 жылдан жиналған. Мұнда театралдық труппаның өмірінің әр жылдарында түсірілген суреттерін көруге болады. Суреттерде сахнада қойылған қойылымдармен қатар әртістердің дайындықтары көрініс тапқан. Мұны тамашалаған мұражай қонақтары қойылымды қою үшін шығармашылық ұжым қалай еңбектенгенін байқай алады. Қазақ драма театрының әртістері белгілі бір рөлді ойнау үшін киген костюмдері де қойылған. Мұнда негізінен рөлдері сәтті сомдалған кейіпкерлердің костюмдері көрсетілген. «Театрлар, цирктер және өзге де мәдениет нысандарында өздерінің мұражайы болуы маңызды. Бұл мәдени нысанның өткені туралы баяндауға мүмкіндік береді. Тарихты білмеген қоғам алға жылжымайды», - деді облыстық мәдениет басқармасының бастығы Күлия Айдарбекова. Мұражай аумағы 42 шаршы метрді құрады.

Соңғы жаңалықтар