ОҚО-да жаңадан басқарма бастығы тағайындалды

 ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында жаңадан басқарма бастығы тағайындалды. Облыс  әкімінің өкімімен облыстық табиғи рестурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасын  Ильяс Шойбекұлы Құрамысов басқаратын болды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат  ХАА тілшісі.  
None
None

Айта кетейік, Ильяс Шойбекұлы 1984 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша заңгер, экономист. Еңбек жолын 2004 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасында басқарма маманы қызметінен бастаған. 2005-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы, Шымкент қаласы Еңбекші ауданы прокурорының көмекшісі, Алматы облысы Талдықорған қаласы прокурорының көмекшісі, Алматы облысы прокуратурасының мемлекеттік органдардың қызметінде заңдылықты қадағалау басқармасының прокуроры, Алматы облысы прокурорының аға көмекшісі, Қазақстан Республикасы Бас Прокурордың көмекшісі, Астана қаласы прокуратурасы Аппаратының басшысы, «Самрұқ Энерго» АҚ «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС бас директоры, Павлодар облысы прокурорының аға көмекшісі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты мемлекеттік құқықтық бөлім басшысы қызметін атқарған.

Соңғы жаңалықтар