ОҚО-да жасөспірім абайсызда құрдасын атып өлтірді

ШЫМКЕНТ. 11 қазан. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданында жасөспірім абайсызда аңшылық мылтықпен досын атып өлтірді.
None
None

ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 15 және 14 жастағы екі жасөспірім үйде оңаша қалған. Үй иесінің 14 жастағы баласы үйде қару бар екенін және оның кілті қайда жатқанын білетінін айтты. Сейфті ашқан балалар оның ішінде бөлшектелген аңшылық мылтығын тауып, оны құрастырған.

Бұдан кейін  онымен ойнағысы келіп, әрекеттерін ұялы телефонның таспасына түсіреді. Қолында қару болған үй иесінің 14 жасар баласы абайсызда оның шүріппесін басып қалып, өзіне қарсы отырған жасөспірімді мерт қылды. Атылған оқ жігіттің екі көзінің ортасына тиген, ол оқиға орнында ажал  құшты. Аңшылық мылтық айғақ дәлел ретінде алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 101 бабымен («Абайсызда адам өлтіру») қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар