ОҚО-да жасөспірімдер қылмысын болдырмаудың алдын алуға арналған рейд өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Таяуда түнгі уақытта заңды өкiлдерiнсіз ойын-сауық орындарында болған және тұрғын жайдан тыс жерлерде болған кәмелетке толмағандарды анықтау, сонымен қатар, суық қару алып жүрген жасөспірімдерді анықтау мақсатында, ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі арнайы рейдтік іс-шарасын өткізді.
None
None

Білім беру органдарының өкілдерін қатыстыра отырып жасалған шарада 13 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігі бойынша, әкімшілік құқықбұзушылық хаттамалары толтырылды. 

 Сонымен қатар, іс-шаралар жүргізу барысында, Әл-Фараби ПБ ЖПҚ ЮПТ қызметкерлерімен Шымкент қаласы Тоқаев көшесі №18 үйдің ауласында, колледждің 3-курс студентінің сөмкесінен сұр түсті «пышақ» табылып, алынды. Аталған оқиға, Әл-Фараби ПБ-нің КУИ-ға тіркеліп, ҚР ҚК-нің 287-бабы бойынша тексеру амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды ОҚО ЖПҚ баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар