ОҚО-да жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізу мәселелерін түсіндіру шарасы өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру бойынша Мемлекет Басшысының Ұлт жоспары - «100 нақты қадам» тапсырмасын жүзеге асыру аясында облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша "Оңтүстік Қазақстан облысының талдау және болжау орталығы" қоғамдық бірлестігі жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізу мәселелерін түсіндіру мақсатында аудан орталығы Сарыағаш қаласында кездесу өтті.
None
None

Кездесу аясында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша сарапшы ауыл әкімдеріне және жергілікті қоғамдастық мүшелеріне жергілікті өзін-өзі басқару саласында болып жатқан өзгерістер, қабылданып жатқан заңнамалық актілердің негізгі ережелері, «Қазақстан Республикасында жергілікті өзі-өзі басқарудың құқықтық негіздері», жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық- экономикалық негіздемелері, жергілікті қоғамдастықтық жиналыстарының қызметін реттеу негіздері түсіндіріліп, сұрақ-жауап қойылып, қорытындыланды, деп хабарлайды Сарыағаш ауданы  әкімінің баспасөз қызметінен.

 

Соңғы жаңалықтар