ОҚО-да жетім балалар ежелгі Отырар тарихымен танысты
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұйымдастырлған саяхатта Отырар ауданық соттың төрағасы Әкімбек Жанасов балаларды арнайы күтіп алып, олармен бірге жүрді.
Саяхатты Руханият Әбу-Насыр Әл-Фараби мұражайынан бастаған оқушылар аудан тарихынан сыр шертетін құнды жәдігерлермен жан-жақты танысып, Арыстанбаб кесеніне зиярат жасады. Мұхтар Шахановтың «Көне құмыраның сыры және Отырар дастаны» атты шығармаларының негізінде түсірілген мультхикаяны тамашалады. Жеткіншектер өздерін IX-X ғасырда жүргендей сезініп, алған әсерлерімен көне Отырар қаласының орны Отырар төбеге барды. Онда жүргізіліп жатқан археологиялық зерттеу жұмыстарымен танысып, ежелгі ғасырлардан сыр шертетін қақпа алдында естелікке суретке түсті.
Отырар ауданының тарихына қаныққан мектеп оқушылары артынша Түркістан шаһарында орналасқан Арыстанбабтың шәкірті Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне зиярат жасады. Өскелең ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, тарихи орындармен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған танымдық саяхатта тәрбиеленушілер мен ұстаздар қонақжай Отырар жұртына алғыстарын білдірді.