ОҚО-да жол ережесін бұзғандарға 120 млн теңге айыппұл салынды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  - Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері жол жүру ережесін бұзуға қатысты 6,5  мың дерек тіркелді. Жүргізушілерге 120 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынған, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

ОҚО-да жол ережесін бұзғандарға 120 млн теңге айыппұл салынды

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс көлемінде бір айдан астам уақыт аралығында 115 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл өндірілген. Бүгінде облыс орталығында  ереже бұзғандарды анықтайтын 40-тан астам жол қозғалысын басқару жүйесі бар. Олардың ішінде  «Редспид»,  «Интегра»  және  «Крис-П» жылдамдық өлшегіш құралдары тәулік бойы жол қозғалысын түсіріп, процессингілік орталығына жолдайды.

Орталықта апатты жағдайға апарып соғатын немесе жылдамдықты шектен асыру секілді жол ережелерін бұзуға қатысты фактілер тіркеліп отырады.