ОҚО-да жол талғамайтын техникалар қиын жолдармен жүріп, арнайы тексеруден өтті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында жол талғамайтын техниканың көктемгі маршы ұйымдастырылып, көліктер қиын жолдармен жүріп өтті . Құтқарушылар  осылайша төтенше жағдайларды жою бойынша жұмыстарға пайдаланатын автокөліктердің дайындығын тексерді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
None
None

null
Өңірдің төтенше жағдайлар қызметіне қарасты 3 жол талғамайтын көлік төрт күн бойы  үш ауданның жолымен жүріп өткен.  Жедел-құтқару жасағының жұмыс жоспарына сәйкес Шымкент-Бәйдібек, Бәйдібек-Созақ бағыттары бойынша таулы аймақтағы жағдайда тексерілді.  Құтқарушылардың сөзінше, арнайы көліктер  авариялық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге дайын болып шыққан. Айта кетейік, осы көліктер биылғы қыста төтенше жағдайлар қызметкерлеріне көп қолғабыс етті. Қар құрсауында қалған ауылдарға дәрігерлерді жеткізіп, жолда қалған жолаушыларды арнайы бекеттерге алып барған болатын.   
null

Соңғы жаңалықтар