ОҚО-да «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына бөлінген қаражаттың 85%-ы игерілді

ШЫМКЕНТ. 9 қараша. ҚазАқпарат - ОҚО-да «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына бөлінген қаражаттың 85%-ы игерілді.
None
None

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Әли айтқандай, осы мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға барлығы 6 млрд. 230 млн. теңге қарастырылған. Соманың игерілмеген бөлігін шенеуніктер жыл соңына дейін іске асыруды жоспарлауда.

Аймақта ай сайын бос орындар жәрмеңкесі өтеді, деп әңгімеледі Мұхит Әли. «Тұрғындар жәрмеңкелерге аса қызықпайды, өздері үшін жұмыс істеуге тырысады. Біреу базарда, біреу адам тасып дегендей. Біз мұндай табыспен олардың зейнетақы ала алмайтынын түсіндірудеміз», - дейді ведомство басшысы.

Бұл мәселені шешу үшін бос орындар жәрмеңкесі Шымкентте ғана емес, аудан орталықтарында да өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар