ОҚО-да жыл басынан бері 300-ден аса шақырым жол жаңарды

Атап айтар болсақ:
- Облыстық маңызы бар 265,5 шақырым жолға және 1 көпірге құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2015 жылы кестеге сәйкес 79,1 шақырым жол мен 1 көпір пайдалануға беру жоспарланған. Аталған нысандар бойынша ағымдағы жылдың қазан айында құрылыс жұмыстары аяқталып, бүгінгі күні қабылдау рәсімдері жүргізілуде. Ал қалған 186,4 шақырым жолдың аяқталу жұмыстары 2016 жылы жалғасатын болады.
- Қала және аудан көлемінде 49 нысанда - 292,7 шақырым жолда және 2 көпір, 1 теміржол өткелі, 1 жер асты және 2 жер үсті өткелдерінде жұмыстар жүргізілуде. 2015 жылы 250 шақырым жол мен 1 жер асты және 1 жер үсті өткелдері кестелерге сәйкес пайдалануға беру жоспарланған болса, бүгінгі таңда аталған жұмыстар аяқталып, қабылдау рәсімдері жүргізілуде.
Қалған 42,7 шақырым жол мен 1 теміржол өткелі және 1 жер үсті өткелінің аяқталу жұмыстары 2016 жылы жалғасатын болады.