19:56, 23 Қараша 2015 | GMT +5
ОҚО-да жыл басынан бері 66 мыңнан астам нәресте дүние есігін ашты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Облыста осы жылдың он айында 66190 нәресте дүние есігін ашқан. Оның 654-і егіз болса, 10-ы үшем, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен.

Өңірімізде соңғы 5 жылда 300-ден астам жаңа медициналық нысан салынып, саланы қаржымен қамту екі есеге артты. Материалдық-техникалық жабдықталуы анағұрлым жақсарды. Заманауи құрал-жабдықтар мен қондырғылар тек облыс орталығында ғана емес, аудандар мен қалаларда да орнатылуда. Осының нәтижесінде, бүгінде өңірде ана мен бала өлімі азайып, туу көрсеткіші көбейіп келеді.
Айта кетейік, өткен жылдың тиісті кезеңінде Оңтүстік Қазақстан облысында 66500 сәби туылған.