ОҚО -да жылыжайлардың аумағы 3 есе өсті

ШЫМКЕНТ. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - ОҚО-да 3 жыл ішінде жылыжайлардың аумағы 3 есе өсті.
None
None

«2009 жылы жылыжай шаруашылығының аумағы 124 гектарды құраса, бүгінде оның көрсеткіші 3 есе өсіп, жалпы аумағы 383 гектарды құрап отыр», - деп айтты ОҚО ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Қанатбек Оспанбеков. Сонымен қатар бұл республикалық көрсеткіш бойынша 70% құрайтынын атап өтті.

Қанатбек Оспанбеков жылыжайдың бірінші айналымынан 20 мың тонна өнім өндірілгенін тілге тиек етті. Жылдың аяғына дейін 25 мың тонна көкөніс өндіріледі деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар