ОҚО-дағы Біркөлік шатқалында туристер адасып, таудан түсе алмай қалған

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ОҚО-дағы Біркөлік шатқалында туристер адасып кеткен. 5 адамнан құралған топ таудан түсе алмай, күн батқанда құтқарушыларды көмекке шақыртты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
None
None

Хабар кешкі уақытта түскендіктен құтқарушылар таңға дейін жігіттермен байланыста болып, оларға өздерін қалай ұстау керектігі туралы нұсқау беріп отырған. Оларға жол жүруді тоқтатып, құтқарушыларды күту қажеттігін түсіндірген. Ал, таңғы 05.25-те оқиға орнына облыстық ТЖ департаменті жедел-құтқару жасағының 5 құтқарушысы, Төлеби ауданы ТЖ бөлімінің 2 қызметкері аттанып кетті.

null 

Біркөлік шатқалына жеткен құтқарушылар Сарыағаш ауданынан келген 5 адамның қай жерде тұрғанын анықтады. Белгілі болғандай, тауда демалғысы келгендер алдын ала ешкімді ескертпей, өздері білмейтін бағытқа кетіп қалыпты. Сөйтіп, 24-29 жас аралығындағы туристер шатқалдағы Галкин және Чайник жартастарының арасында қалып қойып, сол жерден өздігінен түсе алмай тұрған. Құтқарушылар оларды таңғы сегіздер шамасында тауып алып, қауіпсіз жерге түсірді. Бес жігіт те өздерін жақсы сезінген, ешкімге медициналық көмек қажет болмаған.  

null

Соңғы жаңалықтар