ОҚО-дағы кеден бекетінде радиоактивтік цезий тиелген жүк машинасы ұсталды

АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Б.Қонысбаев атындағы» кеден бекетінде Кеден одағының шекарасынан өту кезінде «қолданыста болған металл бұйымдары» тауарын тиеген «Вольво» маркалы жүк көлігін тексеру кезінде радиациялық бақылау автоматтандырылған жүйесінің «дабыл» режимі іске қосылды.
None
None

Бұл туралы ОҚО бойынша кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жүкті жөнелтуші - «Үркер Әлем» ЖШС (Шымкент қаласы), ал тауарды алушы - ирандық «BAKI NASARALI ACHIKZAI» фирмасы.

СЭС-пен бірлесе отырып, тереңдетіле радиациялық бақылау жүргізгенде көлік құралының тіркемесінен аталған тауарлар арасынан ұнтақ тәрізді сұр зат салынған қағаз қапшық табылды, оның гамма-сәулелену қуаты 9.86 мкЗв/сағ. эквивалентке тең болды.

ҚР Ұлттық ядролық орталығының Ядролық физика институтының мамандары жүргізген сараптамаға сәйкес қағаз қапшықтан қорғасын сынықтары құймалары қалдықтары арасынан диаметрі 5 мм және биіктігі 10 мм тот баспайтын құрыштан жасалған цилиндр табылды, ол радиоактивті сәуле көзі болып шықты. Радиоактивті материал ретінде Цезий (Cs-137) изотопы пайдаланылған, оның радиациялық сәулелендіруінің күші табиғи жағдайдағыдан 230 есе асатын қуатта сәуле шашты.

Сараптама қорытындысына сәйкес бұл цилиндр (цезий радиоактивті көзі) өндіру және өңдеу өнеркәсібінің әртүрлі технологиялық қондырғылары мен жабдықтарында кеңінен пайдаланылады.

Қазіргі кезде ҚР ҚК-нің 250-бабы бойынша (әкелуге/әкетуге тыйым салынған заттарды заңсыз тасымалдау) қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.

Соңғы жаңалықтар