07:44, 08 Қазан 2013 | GMT +5
ОҚО-дағы өрт 140 гектар жерді жайпады
АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Мәдени ауылы маңында дала өртенді, деп хабарлады ҚР ТЖМ.

Түнде басталған өрт таң ата сөндірілді. Отты ауыздықтауға ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД жеке құрамының 82 адамы мен өрт сөндіру қызметінің 6 техникасы жұмылдырылды. Жалын 140 га аумақты шарпыды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.