ОҚО-дағы отандық компания 7,5 млрд. теңгенің матор майын өндірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент қаласындағы матор май материалдарын өндіретін «HILL» ЖШС зауыты қуаттылығын арттыруды көздеп отыр, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

Жоба «Оңтүстік» индустриялық аймағында индустрияладыру картасы шеңберінде 2010 жылы іске қосылған.

Қазіргі таңға, зауыт жылына 11 мың тонна түрлі майлағыш май материалдарын шығаруға қауқарлы. 2019 жылы жоба толық қуаттылығына шыққан сәтте 24 мың тонна өнім шығармақ.
2015 жылдың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 7417,1 млн.теңге құрайтын 8900 тонна өнім өңдірілген. 2018 жылы компания өңірде бірінші болып базалық май өңдірісін іске қосуды да жоспарлап отыр. Облыс экономикасына 235 млрд. тг. инвестиция тартылып 2000 жаңа жұмыс орны ашылады. Зауыт толық қуаттылығына шыққан сәтте 7,5 млн. тонна өнім өндіріледі.
Жоба елімізді Shevron компаниясының технологиясының негізінде жанар-жағар май материалдарының барлық спекторымен қамтамасыз етуді көздейді. Жоба сәтті жүзеге асырылса, толық көлемде отандық тауар май өндірісін шикізатпен және жоғары сапалы матор май материалдарымен қамтамасыз етеді.

Соңғы жаңалықтар