ОҚО дәрігерлері тәжірибе алмасты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облыстық балалар ауруханасына күні кеше Түркиядан бір топ дәрігер келді. Білікті мамандар оңтүстікқазақстандық әріптестерімен тәжірибе алмасып, шеберлік дәрістерін өткізді. Шараға қатысқан жергілікті 50 дәрігер неонатология мен педиатрия, офтальмология салаларындағы, сондай-ақ, акушерлік істегі жаңашыл үрдістерге қанықты.
None
None

Дәрігерге бір біліктіліктен бөлек, шапшаңдық да қажет. Себебі, босанатын бөлмеде әртүрлі жағдайлар кездеседі. Қандай қиындықтар болса да, бар күш-жігерді сарп ету, оны жауапкершілікпен көтеру - тек ақ халаттыларға артылған жүк. Шеберлік дәрісінде түркиялық дәрігерлер жас нәрестеге, әсіресе, ауыр жағдайда шала туылғандарға заманауи медициналық жедел көмек көрсету тәсілдерін түсіндірді. Симулияциялық манекендерге тәжірибе жасады.

Бұл шараның мақсаты - облыста нәрестелер мен балалардың өлім - жетімін төмендету бойынша дәрігерлердің кәсіби біліктілігін арттыру. Мұндай тәжірибе алмасу Облыстық балалар ауруханасында әр 3 ай сайын семинар ретінде өткізіліп тұрады. Оған еліміздің танымал медицина мамандары мен шетелдік қонақтар қатысады. 

Түркия елі бүгінде медицина саласы қарқынды дамыған, алдыңғы елдің қатарында.

Айта кету керек, үш күндік дәріс кезінде ерекше көзге түсіп, арнайы сынақтан сүрінбей өткен бірқатар медицина қызметкерлеріне сертификаттар табыс етілді. Үздіктер Түркияда білімін жетілдіруге жолдама ұтып алды.

Соңғы жаңалықтар