ОҚО диқандары астық оруды алғашқы болып бастады

 ШЫМКЕНТ. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - ОҚО, Сарыағаш ауданындағы «Бірлік» ЖШС диқандары Қазақстан бойынша және Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша астық оруды алғашқы болып бастады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірлік» ЖШС-і  1964 жылы құрылған, ал 2007 жылы «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ меншігіне өтті.  Шаруашылық асыл тұқымды мал шаруашылығын өсіруге (қаракөл елтірісі), жылқы шаруашылығын, дәнді дақылдар мен жемшөп өсіруге мамандандырылған. 2008 жылдан бастап корпорация тауар өндіруші шаруашылыққа қолдау көрсете бастады.

 «Оңтүстік» ӘКК тұқым, жанар май, тыңайтқыштар, көктемгі дала жұмыстары барысында машина-трактор қызметін сатып алу үшін «Бірлік» ЖШС-іне 15,8 млн. теңге қаржы бөлді. Шаруашылықтың шабындығы 14 мың гектарды құрайды, дәнді дақылдар 394 гектарға, оның ішінде күздік бидай - 333 гектарға, ал арпа - 61 гектарға егілген.   

Орылған бидай қазіргі уақытта шаруашылықтың орталық қырманына жеткізілуде.  Алғашқы нәтижелер  көңіл қуантқандай.  Күздік бидайдың орташа түсімі гектарына 30 центнерден, арпа - 40 центнерден  айналуда. Бүгінгі күнге дейін 200 тонна күздік бидай, 40 тоннадан астам арпа бастырылды. «Биылғыдай бітік өнім жинамағалы көп болды», - дейді  ауыл тұрғыны Ақан Өтепов ақсақал.

Соңғы жаңалықтар