ОҚО ІІД жүйке аурулары диспансерінде тіркеуде тұрған тұлғаларға атыс қаруын ұстауға рұқсат беріп келген

Бұл туралы бүгін Бас прокуратурада өткен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, аталған іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, қатысы бар полиция қызметкерлері жауапқа тартылса да, мұндай оқиғалардың алдын алу шараларын қолдану қажет.
«Учаскелік инспекторлар өзінің қарауындағы ауданның жүйке аурлары диспансерінде тіркеуде тұрған азаматтарын қатаң бақылауға алуын ұсынамын. Осылайша, азамат диспансерге түскенге дейін қару ұстауға алған рұқсатының күшін жоюға болады. Егер де бұл жұмысты жаңа технологиялар арқылы жүргізіп, үнемі жаңарып отыратын мәліметтер базасын құрсақ, уческелік инспектор кабинетінен шықпай-ақ барлық адамдарға бақылау жүргізіп отырады», - деді Бас прокурор.