ОҚО кәсіпкерлері жылыжай шаруашылығын дамытуды үйренді
Кәсіпкерлерді қолдау орталығы оқуға 40 бизнесменді шақырды, олардың барлығы «Rijk Zwaan» жылыжай кешенінде кездесті. Бұл голландық компания тұқым өсірумен де айналысады, сондықтан келешек жылыжай иелерінің кәсіби өсіру үшін көкөніс тұқымдары мен бақша дақылдарын жеткізуді ретке келтіру мүмкіндігі бар.
Фермерлер алғаш рет оқытылып отырған жоқ. Істі үйретіп жатқан мамандар жылыжайды қалай салу дұрыстығын, материал, тұқым, тыңайтқыштар таңдағанда не нәрсеге назар аудару қажеттігін көрсетті.
«Жылыжай ісінде әр нәрсеге мән берген дұрыс. Бұл іспен бұрын айналыспаған адам көкөніс, бақшаны қалай егу керектігінен бейхабар болуы мүмкін. Көпшілікке мұндай шеберлік сыныптары ерекше тәсілмен қалай тыңайтуға болатынын үйретеді. Біз ештеңені де жасырмаймыз, жақсы өнім алу үшін не істеу қажеттігін ашық айтамыз», - деді бапкер Нұрлан Әбдірайымов.
Кәсіпкерлер шеберлік сыныбын жоғары бағалады, әрқайсы толғантқан сұрақтарына жауап алды. Енді жабық топырақта қызанақ, қияр, бақша өнімдерін қалай молынан алуға болатынын біледі.